2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағы 28,35 трлн теңгені құрады. Бір жыл ішінде бұл сома 14%-ға, яғни 3,50 трлн теңгеге артқан.
Жинақтың негізгі бөлігін міндетті зейнетақы жарналары құрайды. Олардың көлемі 26,31 трлн теңгеге жетіп, соңғы 12 айда 11,4%-ға өскен.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жинақ 751,56 млрд теңгеден асты. Бұл көрсеткіш бір жылда 6,6%-ға артқан. Ал ерікті зейнетақы жарналары 10,41 млрд теңгені құрап, 14,9%-ға өсті.
БЖЗҚ мәліметінше, қазақстандықтар тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге 435,20 млрд теңге зейнетақы жинағын пайдаланған.
Сонымен қатар мұрагерлік бойынша 63,06 млрд теңге, шетелге тұрақты тұруға кеткендерге 28,13 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға 2,05 млрд теңге және жерлеу рәсімдеріне 5,56 млрд теңге төленген. Сақтандыру ұйымдарына 378,56 млрд теңге аударылған.
1 тамыздағы мәлімет бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 18,89 млн болды. Бір жылда шоттар саны 6,3%-ға көбейген.