22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Сараптама

Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналғанда қанша жұмыс орны ашылады

Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналғанда қанша жұмыс орны ашылады
gov.kz

Ұлттық қордан 347 стратегиялық жобаны іске асыруға 5 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Құрылтай отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаражат алдағы үш жылда игеріледі. Оның 4,4 трлн теңгесі көлік және логистика, әлеуметтік сала, энергетика және су ресурстары бағыттарына жұмсалады.

Вице-министрдің айтуынша, қаржы перинаталдық орталықтар мен өңірлік ауруханалар, жылу және газ желілері, автомобиль жолдары мен су инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.

«Бұл инвестициялардың маңызы инфрақұрылымды дамытумен ғана шектелмейді. Олар тікелей әлеуметтік-экономикалық нәтиже береді», – деді Абзал Бейсенбекұлы.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 31 мың жұмыс орны ашылады. Оның 25 мыңы тұрақты жұмыс орны болады.

Сонымен қатар, вице-министрдің мәліметінше, аталған жобалардан бюджетке шамамен 3,7 трлн теңге салық түсімі түседі.

Ұқсас жаңалықтар