22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Қазақстан мен Лаос президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Лаос президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Ақорда

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасына ресми сапармен келген Лаос Халық Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулитті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Салтанатты шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Рәсімнен соң мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, бұл сапардың екіжақты қарым-қатынас тарихындағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Келесі жылы екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Бұл — үлкен меже. Елдеріміздің қарым-қатынасы достық сипатқа ие. Екі мемлекет халықаралық аренада, ең алдымен, БҰҰ аясында тығыз жұмыс істеп отыр. Лаос мемлекеті біздің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінде көтерген бастамаларымызды қолдады. Ол үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бұл — Сіздің Қазақстанға жасаған алғашқы сапарыңыз. Осы сапардың нәтижесі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға екі ел үкіметтері белсенді түрде кіріседі деп ойлаймын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос мемлекетін Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын жеткізді. Сонымен қатар Президент Лаостың соңғы жылдардағы экономикалық өсіміне, әсіресе энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм салаларындағы елеулі табыстарына оң баға берді.

Ұқсас жаңалықтар