Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды otirikemes.kz Ақорда telegram-арнасына сілтеме жасап.
Кездесу барысында Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспарлары таныстырылды.
Ермек Сағымбаев мемлекет басшысына терроризммен, экстремизммен, есірткі бизнесімен және ұйымдасқан қылмыспен күрес бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы есеп берді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, кибер және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органы қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар тапсырма берді.