Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға және Тәжікстан халқына ел Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан Президенті Тәжікстанның егемендік жылдарында мемлекеттік құрылысты нығайту, әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық аренада ұлттық мүддесін қорғау мен ілгерілетуде айтарлықтай табыстарға жеткенін атап өтті.
Қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы бауырластық пен стратегиялық одақтастық қарым-қатынастардың жоғары деңгейін ерекше атап өтті.
«Қазақстан халқы еліңіздің жетістіктеріне риясыз қуанады. Біз достық қарым-қатынас пен өзара қолдауды жоғары бағалаймыз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін», — делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.
Кедесу мен хат соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне жаңа табыстар, ал бауырлас тәжік халқына құт-береке мен гүлдену тіледі.