22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Президент Садыр Жапаровқа ресми құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы өз хатында қырғыз халқының осы жылдар ішінде жеткен биіктері мен мемлекеттілікті нығайтудағы жетістіктерін жоғары бағалады.

«Бұл айтулы мереке қырғыз халқының еркіндікке, дербестік пен тәуелсіздікке ұмтылысын айшықтайды. Осы жылдар ішінде Қырғызстан ел болып еңсе тіктеуден бастап, орнықты дамуға дейінгі жолды абыроймен еңсерді. Мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, бай рухани мұрасын сақтап қалды. Халықаралық аренада беделді елге айналды. Бұған Қырғыз Республикасының 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы жарқын мысал бола алады», - делінген құттықтау матнінде.

Сондай-ақ жеделхатта екі ел арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, тату көршілік және бауырластық қарым-қатынастардың маңыздылығы атап өтілді. Қазақстан Президенті бұл стратегиялық серіктестік пен одақтастық қос халықтың игілігі үшін одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың мемлекеттік қызметіне табыс тілеп, бауырлас қырғыз халқына құт-береке мен амандық тіледі.

Ұқсас жаңалықтар