22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Президент Құрылтай төрағасы қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды

Президент Құрылтай төрағасы қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясында заң шығарушы органның басшылық құрамын сайлау мәселесін көтерді.

Президент жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын жасақтау жұмысын бастау үшін бірқатар міндетті рәсімдерді өткізу қажеттігін атап өтті.

«Ең алдымен, Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру қажет. Өздеріңізге мәлім, Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны Президент ұсынады. Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын», – деді Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде Айбек Дәдебайдың мемлекеттік басқару жүйесіндегі мол тәжірибесіне тоқталды.

«Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін 28 тамыз күні Астанада президент қатысуымен Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті. 

Ұқсас жаңалықтар