Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылуына байланысты алда тұрған бірқатар басым міндеттерді айқындап берді.
Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін бұл жаңа мемлекеттік орган елдегі ұлттық қауіпсіздік пен заңдылықты, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін үйлестірумен айналысады.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Аида Балаеваға жаңа құрылымның тиімді жұмысын ұйымдастыру және стратегиялық бағыттарды іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырма жүктеді.