2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға байланысты азаматтар үшін дауыс беру процесін жеңілдететін жаңа мүмкіндіктер ұсынылды. Енді әрбір сайлаушы өзінің сайлау учаскесін алдын ала әрі үйден шықпай-ақ онлайн режимде біле алады.
Сайлау учаскесін білудің 3 оңай жолы
Азаматтарға мейлінше ыңғайлы болуы үшін GOV.KZ платформасында бір уақытта үш арнайы сервис әзірленіп, іске қосылды. Сайлау учаскесінің нөмірі мен нақты мекенжайын білу үшін төмендегі сілтемелердің кез келгеніне өту жеткілікті:
Онлайн-тексеру қалай жүзеге асады?
Ақпаратты алу өте қарапайым әрі аз уақытты алады. Ол үшін:
-
Жоғарыда көрсетілген сайттардың біріне кіресіз;
-
Өз өңіріңізді таңдайсыз;
-
ЖСН (Жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізесіз.
Жүйе сізге өзіңіз тіркелген сайлау учаскесінің нөмірі мен оның орналасқан мекенжайын бірден шығарып береді.
Сондай-ақ, бұл қызмет смартфон пайдаланушылары үшін де қолжетімді. Өз сайлау учаскеңізді eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Танымал қызметтер» бөлімі арқылы да оңай тауып алуыңызға болады.
Ескерту: Сайлау күні дауыс беруде қолайсыздықтар туындамас үшін, өз сайлау учаскеңізді алдын ала тексеріп алғаныңыз абзал.