22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын тіркеп, мандаттарын табыстады

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын тіркеп, мандаттарын табыстады
еlection.gov.kz

Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының XVI отырысы өтіп, онда жаңадан сайланған ҚР Құрылтайының депутаттары ресми түрде тіркелді. Салтанатты іс-шараға сайланған барлық халық қалаулылары қатысты.

ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес, депутаттардың өкілеттігі дәл осы Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен басталатынын жеткізді.

Жиында баяндама жасаған ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, бес саяси партиядан өткен 145 депутат тіркеуден өтті:

  • «Әділет» партиясы - 110 депутат;

  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10 депутат;

  • «Respublica» партиясы - 9 депутат;

  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) - 8 депутат;

  • «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 8 депутат.

«Сіздердің өкілеттіктеріңіз Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен бастап басталды. Енді сіздер – Қазақстан Республикасының заң шығарушы билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган – Құрылтай депутаттарысыздар. Сайлау науқанының барлық кезеңдері заңнама талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылды. Депутаттық мандат – халықтың сенімі мен таңдауының нәтижесі, ол сіздерге ел мен халық алдында үлкен жауапкершілік жүктейді», – деді Нұрлан Әбдіров.

Отырыс соңында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Құрылтайдың жаңа депутаттарына куәліктері мен арнайы төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті.

Ұқсас жаңалықтар