22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Мәдениет

«Өрмекші адам: Жаңа күн» Қазақстан кинопрокатында рекорд орнатты

«Өрмекші адам: Жаңа күн» Қазақстан кинопрокатында рекорд орнатты
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның кинопрокат саласында кезекті рекорд тіркелді. Көптен күткен Marvel мен Sony киностудияларының блокбастері — «Өрмекші адам: Жаңа күн» (Spider-Man: Brand New Day) премьерасының алғашқы аптасында (6–9 тамыз аралығында) отандық кинотеатрларда рекордтық қаржы жинап, кассалық жиынтық бойынша оқ бойы озық шықты.

Kursiv Media хабарлауынша, үлкен сұранысқа ие болған картина алғашқы демалыс күндері 1 373 950 115 теңге касса жинаған.

Қазақстан кинопрокатының топ-5 фильмі (6–9 тамыз)

(Kursiv Media келтірген Ascar Cinema шолуының деректері бойынша)

Фильм атауы Прокат аптасы Уикенд кассасы (KZT)
1 Өрмекші адам: Жаңа күн 1 1 373 950 115 ₸
2 Одиссея 3 275 395 324 ₸
3 Миньондар және құбыжықтар 5 21 717 900 ₸
4 Лондонды тонау 2 8 491 900 ₸
5 Индиядағы бишарашки: Ананы іздеу 7 7 848 800 ₸

Жалпы кассалық көрсеткіш: Тек осы демалыс күндері отандық кинотеатрлардың үздік бес фильмі жинаған жалпы қаржы көлемі 1 727 236 319 теңгеден асты.

Басты бәсекелестерін артта қалдырды

Том Холланд басты рөлді сомдаған жаңа туынды отандық прокаттағы басқа фильмдермен салыстырғанда үлкен айырмашылықпен көш бастап тұр: Екінші орынға жайғасқан Кристофер Ноланның «Одиссея» фильмі прокатының үшінші аптасында 275,3 млн теңге жинаған. Үшінші орындағы «Миньондар және құбыжықтар» анимациялық фильмі көрсетілімнің бесінші аптасында 21,7 млн теңге еншіледі.

Режиссер Дестин Дэниел Креттон түсірген «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмі тек Қазақстанда емес, әлемдік кинопрокатта да рекордтарды жаңартып, киноиндустрия тарихындағы ең сәтті старттардың бірін көрсетуде.

Ұқсас жаңалықтар