22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Олжас Бектенов Үкімет басшысы ретіндегі қызметін жалғастырады

Олжас Бектенов Үкімет басшысы ретіндегі қызметін жалғастырады
primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Дауыс беру нәтижесінде 137 депутат бұл бастаманы қолдап, 7 депутат қалыс қалды.

Президент өз сөзінде жаңадан сайланған Құрылтай алдында Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылатынын атап өтіп, парламенттік фракция жетекшілерімен кеңесе отырып осы шешімге келгенін жеткізді. Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті мемлекетшіл, білікті әрі тәжірибелі басшы ретінде бағалап, оның бұған дейінгі жұмысын нәтижелі деп атады.

«Қазір еліміздің алдында ауқымды міндеттер тұрғанын жақсы білесіздер. Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналуда. Түрлі инфрақұрылымдық жобаларды қолға алдық. Алда әлі көп жұмыс істелуі керек... Мемлекет басшысының ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыру үшін Үкіметте, Құрылтайда тиімді жұмыс істеу қажет. Осы аса маңызды әрі жауапты жұмыстың бәрін ұйымдастыруға Олжас Абайұлы Бектеновтің қарым-қабілеті жетеді деп сенемін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент мемлекеттік органдар мен басқа да құрылымдарды жасақтау жұмыстары Конституцияға сәйкес өз жалғасын табатынын хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар