22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі болып тағайындалды
Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ақорданың ресми сайтында тиісті Жарлыққа Президент қол қойғаны хабарланды.

Мұхтар Тілеуберді — тәжірибелі дипломат, мемлекеттік қайраткер. Әр жылдары Қазақстан Республикасының шетелдегі Елшісі, Сыртқы істер министрінің орынбасары және бірінші орынбасары, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі қызметтерін атқарған.

Ұқсас жаңалықтар