22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Әлем

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент жеделхатта берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Мысыр халқына құт-береке тіледі.

Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королін елдің Ұлттық күнімен құттықтаған еді

 

Ұқсас жаңалықтар