22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Экономика

Халық кеңесіне қанша ақша бөлінеді

Халық кеңесіне қанша ақша бөлінеді
Sputnik Қазақстан

Қазақстан Халық кеңесінің қызметіне жыл сайын 1,7 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді.

Құрылтайдың қарауына 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы ұсынылды. Бүгін Қаржы министрлігі бюджет жобасын депутаттарға таныстырды.

Вице-министрдің айтуынша, бюджет жобасында Халық кеңесі жеке бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде қарастырылған.

«Бізде қосымша жаңа бюджеттік бағдарлама әкімшісі пайда болды, яғни Халық кеңесі. Қазақстан Халық кеңесінің қызметіне 1,7 млрд теңге қарастырып отырмыз», – деді Абзал Бейсенбекұлы.

Ұқсас жаңалықтар