21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Әлем

Флоридада дауылдан кейін акулалар мен қолтырауындар тұрғын үйлер маңында байқалған

Флоридада дауылдан кейін акулалар мен қолтырауындар тұрғын үйлер маңында байқалған
Жасанды интеллект

АҚШ-тың Флорида штатында қуатты дауылдан кейін су басқан көшелерде акулалар мен қолтырауындар жүргені туралы кадрлар әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды otirikemes.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жыртқыштар тұрғын үйлердің маңында жүзіп жүрген. Желі қолданушылары осы көріністер түсірілген бейнежазбаларды бөлісіп жатыр.

Дауыл салдарынан су тасқыны болып, елеулі қирандыларға әкелген. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, екі адам қаза тапқан. Жүздеген тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Құтқару қызметтері қолайсыз ауа райының салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар