Құрылтай депутаттары Ерлан Қариннің кандидатурасын Вице-президенті лауазымына қолдады.
Дауыс беру нәтижесі бойынша Ерлан Қариннің кандидатурасын 141 депутат қолдап, дауыс берді. Ал 4 депутат қалыс қалған.
Ерлан Қарин осыған дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі, Президенттің көмекшісі, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары сияқты жауапты лауазымдарды атқарған болатын.
Сондай-ақ, Президент Үкімет басшысы қызметіне Олжас Бектеновты қалдыруды ұсынды.