2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 9 143 тонна шай және кофе өндірілді. Оның ішінде 3 829 тоннасы – шай. Шай өндірісінің негізгі бөлігі Алматы қаласына тиесілі. Қалада 3 528 тонна шай өндірілген, бұл елдегі жалпы өндірістің 92,1 пайызын құрайды.
Ал нарықтағы шайдың басым бөлігі импорт арқылы қамтамасыз етіледі. Қаңтар-шілде айларында Қазақстанға 18,3 мың тонна шай импортталған. Бұл ішкі нарықтағы сергіткіш сусындардың 74,1 пайызын құрайды.
Осы кезеңде Қазақстаннан 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортқа шығарылған. Ал ішкі нарықта 20,8 мың тонна өнім сатылған.
Статистикаға сәйкес, Қазақстанда бір адам айына орта есеппен 100 граммға жуық шай тұтынады.
Шайды Қазақстанға ең көп жеткізетін ел – Кения. Оның импорттағы үлесі 27,2 пайызды құрайды. Сонымен қатар шай Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан әкелінеді.