Қазақстанның белгілі кинорежиссері, сценарист Ардақ Әмірқұлов дүниеден озды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Ардақ Әмірқұлов ұлттық кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосып, шығармашылық ғұмырын қазақ кинематографиясына арнаған. Ол режиссер ғана емес, жас кинематографистерге бағыт-бағдар берген ұстаз әрі тәлімгер ретінде де танылды.
Ардақ Әмірқұловтың ең танымал туындыларының қатарында «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» фильмдері бар. Бұл картиналар ұлттық киноның алтын қорына енген туындылар саналады.
Министрлік режиссердің шығармалары ел тарихын, халықтың рухани болмысын және адам тағдырын терең бейнелеп, көрерменнің де, кино мамандарының да жоғары бағасына ие болғанын атап өтті.