21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Ақаба процесі аясында Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігіне арналған халықаралық саммит өтіп жатыр

Ақаба процесі аясында Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігіне арналған халықаралық саммит өтіп жатыр
Ақорда Telegram-арнасы

Астанада Ақаба процесі аясында «Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік» тақырыбына арналған халықаралық саммит өтіп жатыр, деп хабарлайды otirikemes.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері Сахиба Гафарова, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев және өзге де ресми тұлғалар қатысып жатыр.

Ақаба процесі – Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейннің бастамасымен 2015 жылы құрылған терроризм мен зорлықшыл экстремизмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық бастама.

Бұл алаңда мемлекеттер басшылары, арнайы қызметтер мен әскери ведомстволардың жетекшілері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері бас қосады.

Саммиттің негізгі мақсаты – қауіп-қатерлерге қатысты ортақ түсінік қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және нақты іс-қимыл шараларын үйлестіру.

Ұқсас жаңалықтар