Алматыда ұлы ойшыл, ағартушы әрі қазақ әдебиетінің бәйтерегі Абай Құнанбайұлының туған күніне орай салтанатты шара өтіп, ақын ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Тағзым ету рәсіміне Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері жиналды. Оған қоса, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Қазақстан Жазушылар одағының, Ұлттық ғылым академиясының ғалымдары, ұстаздар қауымы мен белсенді жастар қатысты.
Рәсімнің түйінді сәтінде Қазақстанның халық әртісі Болат Әбділманов сахналаған «Абайдың жұмбағы» монологы көрерменге ерекше тебіреніс сыйлады.

«Абай әлемі» қала тұрғындарын тоғыстырды
Алматыда Абай күніне орайластырылған рухани-мәдени іс-шаралар мұнымен шектелмейді: Өткен демалыс күндері өткен «Абай әлемі» атты кешке 20 мыңнан астам алматылықтар мен қала меймандары қатысып, хәкімнің асыл мұрасын бірге ұлықтады.
Бұл күндері мегаполистің барлық музейлеріде, кітапханаларында, сондай-ақ жастар комьюнити орталықтарында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кездесулер мен танымдық кештер ұйымдастырылуда.