21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Әлем

«23 жылдық сапар аяқталды»: Криштиану Роналду Португалия құрамасымен қоштасты

«23 жылдық сапар аяқталды»: Криштиану Роналду Португалия құрамасымен қоштасты
Instagram/cristiano

Португалиялық әйгілі футболшы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды otirikemes.kz

Футболшының айтуынша, енді жетінші нөмірлі жейдені кейінгі буын өкілдеріне табыстайтын уақыт келген. Роналду үшін мұндай шешім қабылдау оңай болмағанын да жасырмады.

«Бұл жолдағы сапарым мәресіне жетті. Енді жетінші нөмірлі жейдені кейінгі буынға табыстайтын уақыт келді. Мұндай шешім қабылдау оңай болған жоқ. Себебі кейбір шешімдер тек ақылмен емес, жүрекпен де қабылданады.

Мен бұл жолдан басымды тік көтеріп, жеткен жетістіктерімді мақтан тұтып кетіп барамын. Португалия үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым деп сеніммен айта аламын. Осы 23 жыл үшін рақмет! Маған сенім артқандарыңызға алғыс айтамын! Португалия мәңгі жүрегімде қалады», – деді футболшы.

Ұқсас жаңалықтар